Back to top

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтардың амандығы – ең басты мақсат»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Азаматтардың амандығы – ең басты мақсат»
Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясы өтуде.
Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілетінін және Президент ретінде алдында тұрғын маңызды міндет екенін айтты.
«Үкімет барлық қажетті іс-әрекеттерді жасап жатыр, тиісті қаражат бөлінді, ірі компаниялар мен бизнес өкілдері қол ұшын беруде. Осыған дейін де айттым, жойқын су тасқынынан бұзылған үйлерді қалпына келтіру, зардап шеккен тұрғындардың қалыпты өмірге қайта оралуын қамтамасыз ету – дәл қазір Президент ретінде менің алдымда тұрған аса маңызды міндет», - деп бастады сөзін Мемлекет басшысы.
Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар – Мемлекет басшысы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында сөйлеген сөзінде тасқын сумен күресуге зор үлес қосқан отаншыл азаматтарға ризашылығын білдірді.
«Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды.
Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді.
Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар – бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ.
Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды. Отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созды. Бір-біріне шынайы жанашыр болды.
Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын», - деді Қ.Тоқаев.
Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіреді
Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық.
Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық.
Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық.
Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ.
Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік